Білім • 26 Мамыр, 2020

Министрлік бейнесабақтар үшін ақша төлеген жоқ – А.Аймағамбетов

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мінекей, карантин жағдайындағы оқу жылының IV тоқсаны аяқталды. Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындары да жаппай қашықтан оқыту форматына көшкен еді. Осы орайда, мектеп оқушылары үшін Online Mektep жобасы қашықтан оқудың негізгі алаңына айналды.

Министрлік бейнесабақтар үшін ақша төлеген жоқ – А.Аймағамбетов

Білім және ғылым министрлігі түсірілімге қатысатын мұғалімдерді іріктеп, сабақ сапасын қадағаласа, Bilim Media Group командасы сабақтардың түсірілім, аудио және монтаж жұмыстары мен жалпы техникалық сапасына жауапты болды. Жобаға жалпы 160 мұғалім, 40 әдіскер және компанияның 100-ден аса қызметкері қатысқан. Бейнесабақтарды дайындауға атсалысқан мұғалімдерге қаламақы, сонымен бірге төтенше жағдай кезіндегі жұмысы үшін сыйақы берілді. Осы тұста министр Асхат Аймағамбетов бұл жоба үшін Министрлік Bilim Media Group компаниясына қанша қаржы төлегені туралы сауал көпшілік көкейінде жүргенін, алайда мемлекет бюджетінен ешқандай қаржы жұмсалмағанын атап өтті. Жоба Bilim Media Group бастамасымен, компания қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Министрлік ұйымдастыру жұмыстары мен әдістемелік бағыт бойынша қолдау көрсетті.

Bilim Media Group компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы:

– 6 сәуірден бүгінге дейін BilimLand.kz платформасын 3,2 миллион адам қолданса, порталдағы бейнесабақтардың қаралымы 73,9 миллионнан асқан. Ал жобаның YouTube арнасы 2 жарым айға толмайтын уақытта 289 мың қолданушы жиып, қаралым саны 15,3 миллионға жеткен. Бұл – төтенше жағдайдағы мемлекет пен бизнес серіктестігінің үлгісі, ынтымақтастықтың нәтижесі. Бізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз және еліміздегі білім сапасын, қолжетімділігін арттыру үшін жұмысымызды әрі қарай жалғастыра береміз, – деді. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше