Қазіргі уақытта зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді.
Жаңа өндірістік желіде «Chevrolet» маркалы автомобильдердің Damas, Labo, Trailblazer, Malibu, Spark сияқты бірнеше түрін құрастырады.
Chevrolet Damas автобусы мен Chevrolet Labo жүк машинасының ақырғы қолжетімді құны шамамен 3 млн теңге болуға тиіс. Сөйтіп сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығы артады.
Қазақстанда автомобиль жасау – экономиканың серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі екенін айта кету керек. Ағымдағы жылы автомобиль өнеркәсібі өнімдерінің жалпы көлемін жылына 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Салада оқшауланудың орта деңгейі 50%, коммерциялық техникалар мен автобустар бойынша 60-65% дейін жетеді.