А. Мамин М. Әл-Джаберге ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін биылғы 6 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
Үкімет басшысы БАӘ дипломатымен екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
БАӘ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $2,1 млрд құрайды, ҚР-дан БАӘ-ге — шамамен $1 млрд. Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 342 бірлескен кәсіпорын тіркелген.
Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.