Спорт • 27 Мамыр, 2020

Ауыр атлетика: Бақыт Ахметов бас бапкер болып тағайындалды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты. Бұған дейін осы қызметті атқарған Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді.

Ауыр атлетика: Бақыт Ахметов бас бапкер болып тағайындалды

Бақыт Бешімбекұлының есімі жанкүйерлрге жақсы таныс. 41 жастағы азамат кезінде еліміздің ең белді зілтеміршілерінің бірі болып, түрлі дүбірлі додаларда табысты өне көрсетті. Атап айтсақ, 2002 жылы Пусанда алауы тұтанған Азия ойындарында алтын тұғырға көтерілсе, 2006 жылы Дохада қола медальді мойнына ілді.

2004 жылы құрлық чемпионы атанса, 2007 жылы сол жарыста үшінші сатыға табан тіреді. Үш бірдей Олимпия ойындары мен бірнеше рет әлем чемпионаттарына қатысты. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақ елінің көк байрағын ұстап шықты.

 Үлкен спорттан қол үзгеннен кейін Бақыт Ахметов Қазақстанның жастар құрамасы және республикалық Олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы қызметтерін атқарды. Осы орайда оның шәкірттері әлемдік және құрлықтық додаларда орасан зор табыстарға қол жеткізгенін айта кету абзал.