Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қызылорда: Жол сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жөнделіп жатқан жолдар сапасын бақылады.

Қызылорда: Жол сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

Аралау барысында қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Нысанбаев көшесіне төселіп жатқан жолдың сапасыздығы анықталған. Мамандар асфальт қабатының қалыңдығы тиісті талаптарға сәйкес келмейтіндігін айтып отыр.

Осыған байланысты қала әкімі жауапты мердігер мекемеге кемшілікті тез арада қалыпқа келтіруде қатаң тапсырды. Олай болмаған жағдайда жол жөндеу жұмыстары жасалмады деп танылатындығын ескертті. Келешекте осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін қала әкімінің өкімімен арнайы топ құрылып отыр. Жол сапасына бақылау жасайтын осы топ құрамына қоғам белсенділері және құзырлы мекеме қызметкерлері енгізілген.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде облыс орталығында 200-ден астам көше жөндеуден өтпек.