Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Ақтөбелік азаматтың көлігінен киіктің мүйіздері табылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының тұрғынының көлігінен киіктің мүйіздері табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбелік азаматтың көлігінен киіктің мүйіздері табылды

21 мамыр күні Ақтөбе облысы ПД криминалдық және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Әйтеке би ауданында Басқұдық ауылының жанында жергілікті тұрғынды ұстады.

Түнде Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылының маңында жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Тұлпар» маркалы мотоцикл тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде киіктің алты мүйізі табылып, тәркіленді. Ұсталған адамның айтуы бойынша, ақбөкендерді ол атпаған, далада атылған киіктерді тауып, мүйіздерін кесіп алған.

Құнды дериваттар тәркіленді, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөлшектерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас) бойынша тергеу басталды. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері ақбөкенді заңсыз аулаудың екі фактісін, сондай-ақ деривативпен заңсыз айналысудың бес фактісін анықтады.

Ақбөкендерді заңсыз аулау, олардың мүйіздерін сату және т. б. фактілерді тіркеу жалғасып жатыр. Ақтөбе облысының Полиция департаменті аймақ тұрғындарын сирек кездесетін жануарларды қорғау туралы заңнаманы бұзбауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.