02 Қазан, 2013

Қазақстан өкілі – ТүркПА Бас хатшысы

1159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 1 қазаннан бастап Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы қызметіне Қазақстанның өкілі Жандос Асанов кірісті. Жаңа Бас хатшы Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің өкімімен тағайындалған болатын, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Ж.Асанов таяу уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Парламенттік Ассамблеяны құру туралы келісімге 2008 жылы қараша айында Ыстамбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттер парламенттері басшыларының 1-ші конференциясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша қол қойылған болатын.

ТүркПА-ның негізгі мақсаттары – парламенттік дипломатия арқылы елдер арасындағы саяси үнқатысуды дамытуға жәрдемдесу, тарихи, мәдени және тіл ортақтығы негізінде заңнамалық үйлесім мен парламенттік ынтымақтастықты, сонымен бірге, түркітілдес халықтар арасындағы өзара тиімді және тең құқықты іс-қимылды нығайту.

ТүркПА Хатшылығы Әзербайжан астанасы Баку қаласында орналасқан. Парламенттік Ассамблея Бас хатшысының лауазымында Ж.Асанов Әзербайжан өкілі Рамиль Гасановты алмастырды.