Тағайындау • 28 Мамыр, 2020

Талғат Қалиев жаңа қызметке тағайындалды

1054 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Талғат Бегімұлы Қалиев «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры болып тағайындалды.

Талғат Қалиев жаңа қызметке тағайындалды

Талғат Қалиев 1973 жылы СҚО, Ақжар ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «Бостандық» мекемесінде қауіпсіздік техникасы бойынша инженер болып бастаған.

2000-2004 жж. «Новое поколение» ЖШС-нде газеттің меншікті тілшісі, тілшілер бөлімінің бастығы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2004-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ - «Астана» телерадиоорталығы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясын, «Казтрансойл» АҚ баспасөз қызметін басқарды.

2006-2007 жж. - «Новое поколение» ЖШС бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды.

2007-2008 жж. - ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасының орынбасары болды.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінде кеңесші,
2008-2009 жж. - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2009-2017 жж. «Еуразиялық перспективалық проблемаларды зерттеу орталығы» ЖШС-ін басқарды.

2017-2019 жж. «Жастар» ҒЗИ» ЖШС-нің директоры болды.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін басқарды.

27 мамырдан бастап «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры болып тағайындалды.