Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінен көңілге көп нәрсені түюге болады. Ел ертеңін ойлаған Президент дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударуды сұрады. Және дер кезінде аударғаны да көңілге қонымды. Шетелде оқуға құмар жастарды елге қайтару туралы мәселе көп жерде көтеріліп жүр.

Шетелде оқыған жастардың өз салт-дәстүрін, тілін, ділін ұмытып кетіп жатқанының да куәсі болып жүргеніміз жасырын емес. Қазіргі жастардың басым көпшілігі жоғары білімді неге Қазақстанда алмайды? Оның себептерін де Мемлекет басшысы атап айтты, «соның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі». Осыған орай білім гранттарын көбейту арқылы бұл мәселені шешуді жолға қойды.
Жоғары оқу орнында ұстаздық еткеніме биыл 25 жыл болды. Бір байқағаным – жыл өткен сайын жастар өзгеріп келе жатыр. Қазіргі жастарды жаңа заманның жастары дейміз. Әрине, заманға сай өзгерген, жаңарған жақсы ғой. Бірақ ұлттық құндылықтарымыздан ажырап бара жатқанымыз қынжылтады. Өз тіліне менсінбей қарайтын, кейде сол қазақша сөйлегенінен ұялатын ұрпақ өсіп келеді. Ағылшын тіліне басымдық берілгелі өз ана тіліміздің қадірі кетті. Қазір қаракөз балаларын орыс, ағылшын мектептеріне оқытуға беріп жатқан ата-аналарды көргенде жаным ауырады. Әрине, өзге тілдерді де білгені жақсы дейсіз ғой. Сөйтіп жүріп өз тіліміз өзге тілге жұтылып кетпесе екен! Мәселен, біздер Thomson Reuters, Scopus базаларындағы ағылшынша ғылыми журналдарға мақала шығару үшін жүздеген мың теңге ақша төлейтінімізді де жасырмаймыз. Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, қазақ мәдеиеттануы салалары бойынша жазылған мақалаларымызды ағылшынға аударып, шетелдік ағылшын тілді ғылыми журналдарға береміз. Сол мақалаларға ешбір шетел зерттеушісі сілтеме жасамауы да мүмкін. Өз ана тілі мен әдебиеті, мәдениеті, тарихы өз қазағын қызықтырмаса, басқа елдің ғалымдарын қызықтырады деп айта алмаймын. Осындайда Қазақстандағы ғылыми басылымдар неге дәрменсіз? Неге біз қазақша жазған ғылыми тұжырымдарымызды Қазақстанның рейтингі жоғары журналдарында шығара алмаймыз? Бұл орайда да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымға ерекше мән беретінін, қазақстандық ғылымды дамытуды жолға қоятынын айтты.
Мемелекет басшысы мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруға шақырып, бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесінен үйрену керек екенімізді айтты. Қазақ тілінің мәртебесі көтерілсе, 2021 жылдан бастап Тіл комитетінің Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтетіні де қуанышты. Қазақ тілін оқыту әдістемесі орталықтарының бір жүйеге бағынуы да нәтижеге әкелетіні сөзсіз. Қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу бір жүйеге түседі. Сондай-ақ президент ғылымға да аса мән берілетінін атап өтті. Ең бастысы білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформаласа, бұл салалардың маңызы арта түседі. «Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арнадық. Бұл – білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласы», - деді Мемлекет басшысы. Президент мұғалім мамандығының ерекше екенін мұғалім мамандығын тек барлық жағдайы бар талапқа сай оқу орны дайындап шығаратынын атап айтты. Осы орайда Yessenov University-дің үлкен бір құрылымы Педагогика факультеті отыз жылға жуық уақыттан бері Маңғыстау өңірі үшін сапалы педагог маман даярлап келеді. Университет басшылығының педагог мамандар даярлауға барлық жағдай жасап отырғаны мемелекет басшысының бүгінгі сөздерімен сәйкесіп тұр. «Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Біз «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ, іс жүзінде, жоғары оқу орны оқытушысының жалақысы мұғалімнің жалақысынан аз болып қалды.Осыған орай Үкімет жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек». Үкіметтің жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін де күн тәртібіне қойып отырғаны бізді қуантты.
Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде жаңа оқыту жүйесіне көшу, қашықтан оқыту Yessenov University оқытушылары мен білім алушылары үшін аса қиынға соққан жоқ. Қашықтан оқыту оқу орнында бұрыннан бар жүйе, күндізгі бөлім білім алушылары оффлайн жүйеде білім алып келсе, сыртқы бөлім білім алушылары қашықтан оқып келді. Енді жаппай бәрі бұл жүйеге үйреніп алды. Бұл жүйедегі сауатымыз одан сайын арта түсті, сабақтан бөлек республикалық деңгейдегі конференция, семинарларға да еркін қатыса білдік. Google Classroom, Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz, ClassDojo сияқты жаңа платформаларды да зерттеп үлгердік. Оффлайн сабақ беріп дағдыланған біздерге онлайн сабақ беру қызық көрінді. Әрине, өзіндік қиындықтары да болды. Университет ұжымы ұйымшылдықпен бұл қиындықты да жеңдік.
«Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенемін», - деген Президентіміздің айтқан сөзі ынтымағы жарасқан ел екенімізді көрсетті.
Нағбду ҚАМАРОВА,
Yessenov University профессоры.
Ақтау қаласы
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар