Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың ақпан айында Германияға жұмыс сапары аясында Siemens AG компаниясының атқарушы директоры Джо Кэзермен кездесу өткізіп, онда Қазақстанның Siemens компаниясымен инвестициялық ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды.
Онлайн-кездесу барысында Қазақстан Үкіметі мен Siemens әлемдік технологиялық концерні арасында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ресей және Орталық Азиядағы Siemens Президенті Александр Либеров қол қойған Өзара түсіністік туралы меморандумның орындалуын талқылауға ерекше назар аударылды.
Мәселен, Қазақстан Үкіметі мен Siemens өнеркәсіп секторын цифрландыру және автоматтандыру, зияткерлік беру, электр энергиясын тарату және тұрақты энергия өндіру сияқты салаларда ынтымақтасуға келісті. Бұдан бөлек онлайн-кездесу барысында цифрландыру, денсаулық сақтау және энергетика саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Инвестордың айтуынша, компания жаңа әдістер мен заманауи технологиялық базаны енгізуді қоса алғанда, технологиялар саласындағы жергілікті тәжірибе мен технологиялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Компания өкілдері цифрландырудың басым бағыттарын бірлесіп пысықтауды, нормативтік-құқықтық базаны жақсартуды, мамандарды оқытуды, сандық технологияларға инвестицияларды және қазақстандық тараппен бірлесіп инфрақұрылымды дамытуды көздейтін салаларды цифрландыру бөлігінде қолда бар тәжірибені қолдануға дайын екендігі туралы хабарлады.
Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды талқылау барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров әріптестермен өзара іс-қимылдың зерттеу қажеттігін атап өтті, өйткені жоғары білікті кадрлармен қатар медициналық мекемелерді дамыту және жабдықтау қажет. Сондай-ақ Алмас Айдаров инвестормен өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту мақсатында бірқатар ұсыныстар еңгіздіп, KAZAKH INVEST-ке Қазақстан Республикасының аумағында инвесторға қолдау көрсету және сервистік сүйемелдеу бойынша тапсырмалар берілді.
Барлық айтылған ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жеке жұмыс тобы шеңберінде пәндік зерделеніп, оның жұмыс шеңберінде әлеуетті тиімді жобаларды анықтау үшін кешенді тәсіл қолданылатын болады.