Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Алматыдағы діни ғимараттар 30 мамырдан өз жұмысын бастайды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №32 қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап санитарлық-дезинфекциялау режимінің талаптарын қатаң сақтаған жағдайда қаладағы діни ғимараттар өз жұмысын бастай алады.

Алматыдағы діни ғимараттар 30 мамырдан өз жұмысын бастайды

Карантин уақытында діни нысандардың жұмыс жасауларына қойылатын басты талап: ұжымдық іс-шаралардың өткізілуіне шектеу қойылуы. Атап айтсақ, жұма намаздары, сенбі және жексенбі күні өткізілетін ғибадаттар, адамдармен топталып діни өлеңдер айту секілді және басқа да ұжымдық сипатқа ие құлшылықтарды өткізуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулердің басты мақсаты коронавирустық инфекция таралуының алдын алу болып табылады.

Сонымен қатар, құлшылық кезінде діни қызметшілер медициналық маска мен қолғап киюге және де әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Ал, маска кимеген және респираторлық аурулардың кез келген белгілері бар (температураның көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы, тыныс алудың қиындауы) адамдар діни ғимаратқа кіргізілмейді.

Өз кезегінде, діни шараларға қатысуларына рұқсат етілген адамдарға ғимарат ішінде 15-20 минуттан артық бөгелулеріне рұқсат етілмейді.