Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жүздеген тұрғынға жұмыс табылды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі балалар кітапханасы мен Қармақшы ауылдық округіндегі «Балбөбек» балабақшасы ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жүздеген тұрғынға жұмыс табылды

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көптеген игі бастамаларды жүзеге асырғалы отырмыз. Жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде. Бағдарлама шеңберінде ауданды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады, – деді аудан басшысы.

Мұса Оспанұлы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуі, әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан жұмыстардың сапасы, белгіленген уақытта халық игілігіне берілуі басты назарда болатынын жеткізді.

Бүгінгі күні ауданда жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде тұрған 332 жұмыссыз азаматқа жолдама берілген.