Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Мақтаралдың оқушылары Қапшағайдан олжалы қайтатын болды

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Аяла» қоры Алматы облысының Қапшағай қаласында орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтарал ауданының алты мектебінің 5-9 сынып оқушыларына 251 киім-кешек жинақтамасы мен кеңсе тауарлары салынған соншама рюкзактар табыстады.

Мақтаралдың оқушылары Қапшағайдан олжалы қайтатын болды

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының 6 мектебінің балалары «Аяла» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменованың жалпы 15 млн теңге сома қаражатына киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактар алды.

«Түркістан облысының әкімдігінен бізҚапшағайға Мақтаарал ауданынан балалардың келгені және оларға киім керек екені туралы мәлімет алдық. Бұдан кейін біз Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» РОСО басшылығына хабарласып, нақты не сатып алу керектігін білдік. Сөйтіп,әр баланың жасын, бойын және өлшемін ескере отырып, 251 жинақтама жасадық. Бұған қосымша мектепте оқуға қажеттінің барлығы салынған жақсы рюкзактар сыйлауға шешім қабылдадық. Ал үйлеріне қайтар алдында балалардың көңілін көтеру үшін өздері жақсы білетін JOKEASSES командасының вайнерлерін кездесуге алып келдік. Демалыстың мұндай тамаша аяқталуы оларға жақсы көңіл-күй сыйлап, бүкіл жазға қуат берді деп үміттенеміз», – дейді  «Аяла» қорының президенті Айдан Сүлейменова. 

«АЯЛА» қоры берген киім жинақтамасында ұлдарға арналған шолақ шалбар, қыздарға арналған легинси, футболка, сандал, кроссовка, шұлық, худил мен қалың жейделер бар. Бұлардың барлығы жолға ыңғайлы сөмкеге салынған. Мектепке арналған әрбір рюкзакта – 55 түрлі кеңсе керек-жарақтары, ұялы телефондар үшін тасымалданатын қуаттау құрылғысы және ауыз суға құйып жүретін бөтелкелері бар.

Мақтарал ауданың оқушылары «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 2 апта болды. Олар жайлы жабдықталған бөлмелерде тұрды, 5 уақыт тамақпен қамтамасыз етілді, сауықтыру шараларын алды, ашық бассейнде шомылып, шығыршықты және өзі сырғанайтын құрылғылармен сырғанады. Спорт секцияларында тенниспен, садақпен атумен, фитнеспен айналысты. Орталық қызметкерлері балалар үшін қызықты викториналар, эстафеталар ұйымдастырды. Ең бастысы – әр бала психологиялық тұрғыдан оңалды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы жоспар бойынша білікті педагог-психологтар олармен жұмыс істеді.  Сонымен қатар, «Балдәурен» орталығында олар ТЖБ қашықтан тапсырды және оқу жылын сәтті аяқтады.

«2020 жылғы 18 мамырдан бері бізде Түркістан облысы Мақтарал ауданының балалары демалды. Бұл шығармашылық бағыттағы ауысым, сондықтанбалалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, олар сахна өнерін үйренеді, конкурстарменфлэшмобтар өткізеді. Жыл мезгіліне, орналасқан жергежәнежағдайларға қарамастан, әлемді жақсылық және ізгі істер билейді. Балаларды киіммен және мектепке керек-жарақтармен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлген «АЯЛА» қайырымдылық қоры секілді қамқор адамдардың бар екені қатты қуантады», – деді Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Ренат Кұлмағамбетов.

 

Алматы