Спорт • 29 Мамыр, 2020

Теннис: Петра Квитова Чехиядағы турнирде топ жарды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда CTS Presidents Cup турнирі өтті. Жергілікті теннисшілер бақ сынаған бәсекеде Петра Квитова топ жарды.

Теннис: Петра Квитова Чехиядағы турнирде топ жарды

Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. 30 жастағы Биловец қаласының тумасы кезінде әлемнің екінші ракеткасы атанған. Петра Квитова 2011 және 2014 жылдары Уимблдон турнирінде топ жарса, былтыр Аустралия ашық біріншілігінің финалында өнер көрсетті.

2012 жылы Ролан Гарростың жартылай финалына дейін жетті. 2015 және 2017 жылдары АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалында шеберлік байқасты. 2016 жылы Рои Олимпиадасының қола медалін мойнына ілді.

 Бұл күндері WTA рейтингінде 12 орында түрған Петра Квитова финалдық сайыста өз қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.