Коронавирус • 29 Мамыр, 2020

Диляра Қайдарова: Әрбір адам санитарлық нормалардың маңыздылығын түсінуі тиіс

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР ДСМ бас онкологы, ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның басқарма төрайымы, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзіне орай өз пікірін білдірді.

Диляра Қайдарова: Әрбір адам санитарлық нормалардың маңыздылығын түсінуі тиіс

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау саласында қалыптасқан өте маңызды және өзекті мәселелерді қозғады. Бірінші кезекте, дәрігерлік қателіктер мен клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық қудалауға қатысты мәселені сөз етті.

Атап айтқанда, біз Президенттің қазіргі таңда дәрігерлік міндеттерді тиісінше орындамау туралы ұғымды заң жүзінде және нақты ажырату қажеттілігі туралы айтқан сөзін толық қолдаймыз.

Президент ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Ол өз сөзінде Үкіметтің іргелі ғылым мен зерттеу институттарын базалық қаржыландыру көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.

Айта кетейік, ҚазОжРҒЗИ-да клиникалық және ғылыми зерттеулерді сапалы жүргізу үшін қаржыландыруды да, материалдық-техникалық базамен жабдықтауды да талап ететін клиникалық зерттеулер жүргізіледі, дейді Диляра Радикқызы.

Сонымен қатар еліміздің Бас онкологы  онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте асқындырмай диагностикалауға үлкен көңіл бөлінетіндігін атады.

Мәселен, Қазақстан халқы үшін емханаларда онкоскринингтердің 3 түрі тегін жүргізіледі:

1) Сүт безі обырына

2) Колоректалды обырға

3) Жатыр мойны обырына.

Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен скринингтер жүргізуге 4 миллиард теңге бөлінеді.

– Қазіргі таңда, COVID-19-ға қатысты жағдайды ескере отырып, әрбір адам санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен жеке гигиенаның маңызы мен сақталуын түсінуі тиіс.

ҚазОжРҒЗИ-да біздің мамандарымыздың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіледі, мысалы, оқыту конференциялары, мастер-кластар, шетелдік мамандармен бірлескен туморбордтар. Президенттің жоғары білікті мамандарға көп көңіл бөлгені қуантады.

ҚазОжРҒЗИ ұжымы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайды және отандық медицинаның жаңа, сапалы деңгейін көтеру үшін бәрін жасайды, – дейді Диляра Радикқызы.