Спорт • 29 Мамыр, 2020

Шайбалы хоккей: Бес ойыншы «Барыстан» кетті

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Нұр-Сұлтанның «Барысының» бес бірдей ойыншысы командадан кетті. Бұл ақпаратты ҚХЛ-дың ресми сайты таратып отыр.

Шайбалы хоккей: Бес ойыншы «Барыстан» кетті

Қазақстандық команданың сапынан кеткендер арасында өз жерлестеріміз Мадияр Ыбырайбеков, Дамир Рысбаев, Максим Семенов, Талғат Жайлауов және канадалық Дастин Бойд сынды ойыншылар бар. Өз отандастарымыздан арасындағы ең тәжірибелісі Максим Семенов пен Талғат Жайлауов екені даусыз.

36 жастағы Максим Семенов 2013 жылы Ярославльдің «Локомотивінен» «Барысқа» ауысып, сол уақыттан бері айтулы ұжымның сапында өнер көрсетті. 34 жастағы Талғат Жайловтың да жасындай жарқыраған кезін жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. 25 жастағы Дамир Рысбаев тафгай ретінде танылды. Олардың барлығы да Өскемен хоккей мектептерінің түлегі. Ал 24 жастағы Мадияр Ыбырайбеков келешегіннен зор үміт күттіретін ойыншылардың бірі. 

Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі жайында айтар болсақ, оның да «Барысқа» сіңірген еңбегі ерен. Осыдан бірер жыл бұрын Қазақстанның азаматтығын алған 33 жастағы Дастин Бойд бұл күндері ұлттық құрама командамыздың сапында өнер көрсетуде.