Президент • 29 Мамыр, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев күн электр станциясын аралап көрді (видео)

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Президент сапары «Hevel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев күн электр станциясын аралап көрді (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы «жасыл энергетиканы» дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.

1

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35