Спорт • 29 Мамыр, 2020

Футбол: Англия Премьер-лигасы 17 маусымда жалғасады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустің кесірінен тоқтатылған Англия Премьер-лига ойындары 17 маусымда жалғасады. Бұл жайында аталмыш мемлекеттің футбол қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Футбол: Англия Премьер-лигасы 17 маусымда жалғасады

17 маусымда 28 турдың кейінге шегерілген кездесулері өтеді. Бұл бәсекелерде «Манчестер Сити» мен «Арсенал» және «Астон Вилла» мен «Шеффилд Юнайтед» клубтары шеберлік байқасады. 19 маусымда 30 тур ойындарын теледидардан тамашалаймыз. Бұл кездесулердің барлығы да көрермендерсіз өтеді.

Англия чемпионаты тоқталығанға дейінгі жағдайға келсек, қоржынында 82 ұпайы бар «Ливерпуль» жеке-дара көш бастап тұр. Енді оларды ешкімнің қуып жете алмайтыны анық. Екінші орындағы «Манчестер Ситидің» «Ливерпульден» бақандай 25 ұпайы кем. Алайда қалалықтар басты қарсыласынан бір ойын кем өткізді. Үшінші орында - «Лестер». Олар 53 ұпай жиып үлгерді. Сондай-ақ, «Челси» (48 ұпай) мен «Манчестер Юнайтед» (45 ұпай) үздік бестіктің санатында.  Ал көш соңындағы «Норвичтің» небәрі 21 ұпайы ғана бар.     

 

Соңғы жаңалықтар