Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Семейде ХҚО жұмысы жанданады 

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша 1 маусымнан бастап Семей қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастайтын болды.

Шығыс Қазақстан: Семейде ХҚО жұмысы жанданады 

ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис және egovkzbot2.0 телеграм-боты арқылы алдына ала брондау қажет. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының директоры Азамат Есембұловтың айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі де бар. «Кезекті алдын ала брондау шаралары семейліктер мен қызметкерлеріміздің саулығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

Сондай-ақ орталықтарға барған кезде маска кию тәртібін сақтау маңызды» дейді ол. Компьютері жоқ азаматтар үшін Семейде ХҚО ғимаратынан тыс өздігінен қызмет алуға арналған 28 egov.kz бұрышы ашылды. Олар қала әкімдігінің ғимаратында, қалалық кітапханаларда және ауыл әкімдіктерінің ғимаратында орналасқан.

Семейде басқа ұйымдар іске қосылғаннан кейін осындай бұрыштар саны тағы ұлғаятын болады. Дегенмен, 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан да ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.           

 

СЕМЕЙ