Премьер-Министр Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Үкіметінің басшысы COVID-19 таралуымен күресу, экономиканы тұрақтандыру, өндірістің жаңа құрылымын қалыптастыру, тұрғындар мен бизнесті қолдау бойынша Қазақстанның қабылдап жатқан шаралары туралы хабарлады. Бұл ретте ол ұлттық экономика деңгейінде ғана емес, тұтас ТМД аясында да дағдарысқа қарсы шараларды қабылдауды одан әрі жалғастырудың қажеттігін атап өтті.
Премьер-Министр ұлттық экономика аясында да, сондай-ақ бүкіл Достастық форматында да дағдарыс көріністеріне қарсы тұрақтылық буферлерін ұжымдық қалыптастыруды ТМД үшін негізгі міндет ретінде атады. Бұл тұрғыда Үкімет басшысы 2030 жылға дейінгі ТМД экономикалық даму стратегиясын әзірлеу бойынша жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті, онда сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік, инфрақұрылым, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес, цифрландыру және басқа да ынтымақтастық салалары қамтылған.
«Қалыптасып отырған динамиканы ескере отырып, елдеріміздің өзін-өзі қамтамасыз ету факторын күшейту қажет. Ең алдымен, бұл азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты – біз өнімдерді жеткізудің тұрақтылығы аз және географиялық бытыраңқы тізбегіне тәуелділікті төмендетуіміз керек», — деді А. Мамин.
Премьер-Министр Достастық елдерінің пайдасы үшін тауарлар мен қызметтер саудасының ірі экспорттық және импорттық ағындарын қайта бағдарлау жөнінде шаралар қабылдаудың, сыртқы және ішкі инвестицияларды, алдыңғы қатарлы технологияларды тарту жұмыстарын күшейтудің, транзиттік саудадағы кедергілерді жүйелеудің және оларды азайтудың, ТМД-ға қатысушы елдердің экономикасының бәсекелестік артықшылықтары негізінде өндірістік процестерді өңірлендірудің қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар отырысқа Әзербайжан Премьер-Министрі Али Идоят оглу Асадов, Беларусь Премьер-Министрі – Сергей Румас, Молдова Премьер-Министрі – Ион Кику, Ресей Премьер-Министрі – Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-Министрі – Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі – Абдулла Арипов, Армения вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Қырғызстан вице-премьер-министрі Эркин Асрандиев және Түрікменстан министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары Рашид Мередов қатысты.
Отырысқа қатысушылар ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуымен күрес жөніндегі бірлескен күш-жігер, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі ТМД экономикалық даму стратегиясының жобасын талқылады.
ТМД ҮБК отырысының қорытындысы бойынша қарулы күштер байланысының бірлескен (біріктірілген) жүйесі туралы, ТМД Желілік университетін құру және іске қосу туралы келісімдер, 2030 жылға дейін көлік, жастар саясаты, туризм, спорт, мәдениет және т. б. салалардағы ынтымақтастық стратегиясы және басым бағыттар туралы шешімдер қабылданды.
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар