Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда дағдарысқа қарсы жоспар қалай іске асырылады?

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту, жеке инвестицияларды тарту, өңірлік логистикалық хаб ретінде елорданың рөлін күшейту, цифрландыруды дамыту - қаланың даму серпінін сақтап, дағдарысқа қарсы экономиканың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Нұр-Сұлтанда дағдарысқа қарсы жоспар қалай іске асырылады?

«Карантин уақыты елорданың азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орында екенін көрсетті. Блок-бекеттерде алғашқы күннен бастап азық-түлік тасымалдау үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырылды. Алайда қалаға өнімді тек әкеліп ғана қоймай, оны тиісті деңгейде сақтау қажет. Қала аумағында 7 логистикалық кешен жұмыс істейді, қазір төрт көтерме-тарату орталығының құрылысын жүргізіп жатырмыз (үшеуі жеке инвесторлар есебінен). Бұл өнім көлемін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар, мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес «қарапайым заттардың экономикасын» дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап (2019 жыл) 16 жоба қолдау тапты, тағы 40-қа жуық кәсіпорын жобаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Олар өнеркәсіп, сауда және логистика, білім беру, денсаулық сақтау салаларымен тығыз байланысты кәсіпорындар. Әр жоба бойынша нақты жұмыс жүргіземіз",- деді қала әкімі Алтай Көлгінов.  

Инвестиция мәселелері бойынша кеңес онлайн-режимде жүргізіліп, инвесторларға әкімдік тарапынан қажет көмек көрсетіледі.  Өңірлік кеңесте жеке инвестицияның жалпы сомасы 770 млрд теңгеге 60-тан астам жоба қолдау тапты, сонымен қатар 34 жоба бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.  

Жаңа ережелерді ескере отырып, әкімдік міндеттерді іске асыру тәсілін қайта қарады. Жергілікті бюджетті оңтайландыру 35 млрд теңгені құрады. Үнемделген қаражат әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталды: апатты тұрғын үйлерді сүру, жолдардың, аулалардың құрылысы, медициналық жабдықтар сатып алу, әлеуметтік көмек көлемін арттыру және т. б. қамтылады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше