ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде әскери борышын атқарған сарбаздар 33 орындық АН-26 ұшағымен бірінші рет үйлеріне кетті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрлігімен келісе отырып, 2019 жылдың көктемінде Жамбыл облысынан шақырылған 27 сарбаз ұшақпен Тараз қаласына жеткізілді. Үлгілі-көрсетімді оркестрдің сүйемелдеуімен 5573 әскери бөлімінде салтанатты түрде сап түзеген сарбаздарды әскери бөлім бастығы полковник Сәкентай Шекарбеков ақ жол тілеп, Отан алдындағы азаматтық міндетін адал атқарғандары үшін алғысын білдіріп, жолдағы сақтық шараларын орындауларын тапсырды.
Әуежайға жеткен кезде сарбаздарға 5573 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ерлік Ықыласов бөлім бастығының атынан алғыс хаттарды табыстады.
Сарбаздар әскери борышын орындау уақыт аралығында өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, жаңа бір деңгейді бағындырды деуге болады. Сондай-ақ, қызмет барысында дабыл беруші, аспазшы, қару-жарақ жөндеу шебері, қорғаныс маманы және әскери атыс полигонының операторы сияқты мамандықтарды игерді. Жалпы алып қарайтын болсақ, соңғы 5 жылда Ұлттық ұланға әскери борышын өтеуге шақырту алған 5 мыңнан астам жауынгер әскердің оқу құрамасында оқып, қызметтің түрлі мамандықтарын игеріп шықты. Олардың біршамасы күні бүгін әскери күштік құрылымдарда қызмет атқарып келеді.
Сонымен қатар, бөлім бастығының шешімімен ішкі істер органдарында қызмет етуді қалайтындарға ұсыныс хаттар беріледі.
Айта кететін жайт, жыл сайын республиканың барлық аймақтарынан жас жігіттер елорданың жедел бригадасына Отанды қорғау азаматтық міндетін орындауға шақырылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери қызмет біздің азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, оларды қылмыстық және басқа да заңсыз қол сұғулардан қорғауда үлкен жауапкершілік жүктейді.
Еске салатын болсақ, Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің 1-2019 әскери қызметшілері елдегі төтенше жағдай мен карантиндік шараларда өздері үшін және тұтас алғанда мемлекет үшін қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін жүзеге асырды.
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан 5573 әскери бөлімі күн сайын елорданың 4 ауданында, кейде үш ауысымда әскери қызметке 1200-ге жуық әскери қызметшіні бөледі. Олармен бірге офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де бар.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар