«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) тұрақты даму туралы кезекті есебін шығарды, онда компанияның өз бизнесіне деген көзқарасы және оны неғұрлым тұрақты және жауапты етуге мүмкіндік беретін шаралар көрсетілген.

Есепте компания қызметінің нәтижелері, сондай-ақ оның персоналды дамытудағы тәжірибесі, экологиялық және әлеуметтік саладағы қызметі және өз уақытында Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі тікелей жұмысы көрсетілген. «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды көздейді, бұл компания басшылығы мен акционерлерінің пікірінше, бизнес дамитын қоғам үшін де, компанияның өзі үшін де маңызды.
Бұл есеп 2019 жылдың қорытындысы бойынша жасалды және қоғаммен мүдделі диалог пен ақпараттық ашықтықтың жалғасы болып табылады, осының бастамасы ретінде компания 2018 жылы тұрақты даму туралы өзінің алғашқы есебін ұсынды.
– Біз тұрақты даму жөніндегі компаниядағы күш-жігеріміздің негізіне өнімді орналастырдық. Жүз жылдан астам уақыт бойы «Филип Моррис» темекі шығарады. Бірақ бірнеше жыл бұрын «Филип Моррис Интернэшнл» бас компаниясы өзі үшін маңызды шешімді қабылдады, ол –қоғамның темекіге қарағанда зияны аз балама туралы сұрауына жауап ретінде өз өнімі мен бизнесін трансформациялауы. Бүгінгі таңда компания әлемді темекі түтінінен босатуды негізгі міндет ретінде санайды. Шылым шегудің денсаулыққа зиянын ескере отырып, бүгінде «Филип Моррис» темекі тартудың ең оңтайлы баламасы саналатын түтінсіз өнімдердің негізінде болашақты жасауда, – деп атап өтті «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС басқарушы директоры Хуан Карлос Эскобар.
БҰҰ 2015 жылдың соңында тұрақты дамудың 17 мақсатын қабылдады және олар кәсіпорындарды тұрақты даму проблемаларын шешу үшін шығармашылық тәсіл мен инновацияларды қолдануға тікелей шақырады. ФМҚ компаниясы өз қызметінде қоғамға барынша пайда әкелетін даму мақсаттарын таңдады. Олардың қатарында – «Жақсы денсаулық пен әл-ауқат», «Толық және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету мен оқыту мүмкіндігін көтермелеу», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», «Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету», «Су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану», «Құрлықтың экожүйелерін сақтау», сондай-ақ «Бейбітшілік, сот төрелігі мен тиімді институттар» мақсаттары бар.
Компания қызметінің контекстінде осы мақсаттарды іске асыру темекі өнімдерін тұтынудың денсаулыққа әсерін төмендетуді, қоршаған ортаға әсерін азайтуды, адам құқықтары мен еңбек құқықтарын сақтауды, белсенді қайырымдылық және корпоративтік волонтерлік қызметті, заңсыз өнім проблемаларын шешу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес серіктестермен жұмысты білдіреді.
Кез келген компанияның тұрақты дамуы оның бизнеске деген жауапкершілігінен басталады. Темекі компаниясы үшін бұл – ең алдымен, өнім тұтынушыларының денсаулығына теріс әсерді төмендету жөніндегі жұмыс. Сондықтан да «Филип Моррис Интернэшнл» (ФМИ) бас компаниясы революциялық трансформация жолына түсті және өршіл мақсатты алға қойды – тұтынушыларға дәстүрлі темекіге қарағанда зияны аз баламаны ұсыну және темекі түтінінсіз болашақты құру.
Соңғы он жыл ішінде ФМИ қыздырылатын темекі бұйымдарынан және құрамында темекі жоқ өнімдерден тұратын түтінсіз өнімдердің сұрыптамасын әзірлеуге, ғылыми зерттеулерге, өндіруге және коммерцияландыруға 7 млрд. астам АҚШ долларын инвестициялады. Алғашқы осындай өнім Қазақстанда 2016 жылы ұсынылған IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесі болды. 2019 жылдың соңына қарай 9,7 миллионнан астам кәмелетке толған темекі шегушілер шылым шегуден бас тартып, IQOS-ты пайдаланды. Компанияның қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан үлесі бірден бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылды. Бұл атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту, суды ұтымды пайдалану, қалдықтардың түзілуі мен қайта өңделуін төмендетумен жұмыс істеу және басқа да бастамалар есебінен қоршаған ортаға әсерді төмендету.
Тек өткен, 2019 жылы компания офистік үй-жайда ақылды жарықтандыру жүйесін енгізу, суды жылыту үшін күн панелдерін орнату, өндірістік ғимараттың жылы оқшаулануы сияқты шараларды қабылдады. Осының барлығы өндірістік қызметке байланысты көміртегі шығарындыларын екі еседен астам қысқартуға мүмкіндік берді. Қалдықтарды қайта өңдеуде да елеулі табыстарға қол жеткізілді – фабрика қалдықтарының 90%-ға жуығы одан әрі өңдеуге жұмсалады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер еленді – ФМҚ 2019 жылы «Экологияға үлес» номинациясы бойынша «Парыз» мемлекеттік марапатына ие болды.
«Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсатына қол жеткізу аясында «Филип Моррис Қазақстан» компаниясында қызметкерлердің атқаратын лауазымына, жынысына, ұлтына және басқа да факторларына қарамастан еңбек пен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Жаңа қызметкерлерді қызметке қабылдау кезінде негізгі критерий кәсіби мүмкіндіктер мен жетістіктер болып қала береді. Осы қағидаттарды қатаң ұстануды өткен жылы Equal Salary Foundation және PwC тарапынан халықаралық аудит растады, оның қорытындысы бойынша ФМҚ қазақстандық компаниялардың ішінде бірінші болып Equal Salary сертификатының иегері атанды.
Компания өз қызметкерлеріне ғана емес, Алматы облысында және одан тыс жерлерде бірқатар табысты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, жергілікті қоғамдастықтардың дамуына маңызды үлес қосады. Олардың арасында Еңбекшіқазақ ауданының фермерлерімен көпшілікке жақсы таныс «Шелек фермерлері» жобасы бар. Ал Іле ауданында ФМҚ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кәсіби білім алуға көмектеседі. 2019 жылы осы әлеуметтік бағдарламаның серіктесі «Прогресс» Политехникалық колледжі ересек жастағы оқушыларды 10-шы рет қабылдады.
2020 жылы «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы коронавирус пандемиясының мемлекет, бизнес және қоғам алдына қойған сын-қатерлеріне қарамастан, орнықты даму қағидаттарын толығымен ұстануды және жоспарланған бағдарламаларды іске асыруды көздеп отыр.
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар