07 Сәуір, 2010

ЖАҢА ПӘТЕРЛЕР КӨБЕЙДІ

600 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ал қоныс тойын тойлаған тұрғындар жарқыраған осындай биік үйлер бой көтерген бұл аудан енді Астана деп аталса деген тілек айтуда. Жаз айында аталып өтетін елор­да­ның туған күніне орай тұрғындар осын­дай ниет пен пейіл білдірген бұл аудан қазір Усолка деп аталады. Бұл ықшам аудан облыс орта­лы­ғы­ның оңтүстік бөлігінде, Ертіс өзе­ні­нің жағалауында орналасқан. Яғни, 80-ші жылдардан бастап тұр­ғын үйлер құрылысы бой көте­ріп, дүкендер, мектептер салына бас­тады. Шеткері аудан болғандықтан қалааралық трамвай жолына қо­сыл­ған, бағыттағы автобустарда да кедергі жоқ. Кейінгі жылдары бұл шағын ауданға жақсы көңіл бө­ліну­де. Елімізде қабыл­дан­ған мем­ле­кеттік тұрғын үй бағдар­ламасына орай жиырмаға жуық үйлер са­лын­ды. Өткен жылы біраз кешеуіл­де­ген тұрғын үйлердің жағдайы облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың  сын тезі­не түсіп, назарға алынудың нә­ти­же­сінде, бақылаудың, талаптың арқасында тұрғындар жаңа пәтер­лерге ие болды. Құрылыс әлі де жалғасуда. Осыдан екі жыл бұрын 1500 оқушыға арналған  қазақ ті­лін­де білім беретін жаңа  мектеп, осы мақсатқа арналған жаңа бала­бақ­ша пайдалануға беріген бола­тын. Елбасы облысқа келген бір са­па­рында жарқырап өсіп келе жат­қан осы бір шағын ауданды көріп, мектепті, балабақшаны аралап бөбектерге сыйлық  тарту еткен еді. Бұл күндері осы жерде жаңа емхана салынып, құрылысы бітіп дайын тұр. Бірнеше сауда дүкендері, аула клубтары жұмыс жасауда. Міне, жуырда ғана әз-Наурызымыз табал­дырық аттаған күні бұл аудан тұрғындары да көбейді. Жа­ңадан салынған үйден 107 отбасы пәтер кілт­терін алды. Яғни, бұл пәтерлер қала­лық тұрғын-үй комиссиясы­ның шеші­мі­мен талай жылдан бері кезекте тұрған пәтерге аса мұқтаж мүгедектерге, зей­нет­керлерге, жетім балаларға, көп ба­ла­лы аналарға берілді деген сөз.Пәтер кілттерін алу­ға жиналған жұртшылықты қоныс тойымен құттықтаған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев жыл аяғына дейін соғыс ардагерлеріне және ипотекалық және арендаға берілетін жаңа үйлердің құрылысы аяқталатынын айтып өтті. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.