Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Адамдар қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

61 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға қала және аудан әкімдері селекторлық режимде қатысты. Күн тәртібінде  суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен орман және дала өрттері,  орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу мәселелері қаралды.

Адамдар қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

Бірінші мәселе бойынша облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усайн хабарлама жасады. Жыл басынан бері суға кетудің 9 дерегі тіркелген. Оқыс жағдайлардың негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін сақтамауда болып отыр.

Өңір басшысы 2020 жылдың суға шомылу маусымына дейін коммуналдық жағажайлар ашуды және Қызылорда қаласы мен Арал, Шиелі аудандары әкімдеріне 1 сәуірге дейін Қамбаш, Ханқожа көлдері мен Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзені бойында орналасқан жедел суда құтқару жасағы ғимаратының жанына бақылау мұнарасын орнатуды тапсырған болатын. Алайда бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған. Осы орайда өңір басшысы әкімдерге ескерту жасады.

Адам өмірінің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Осы ретте, жағажай ашып, оны қажетті құтқару құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі тікелей қала және аудан әкімдерінен сұралатын болады. Сіздерге осы жұмыстарды атқаруға 1 ай  уақыт беремін,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов хабарлама жасады. 2020 жылдың 3 наурызында «Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген. Сонымен қатар, өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде 1971 адамнан тұратын 172 ерікті құрылым жасақталған. Олар 7 өрт сөндіру және 373 бейімделген техникамен жабдықталған.

Облыс бойынша жалпы жер көлемі 22,6 млн гектар. Оның 6,5 млн гектары мемлекеттік орман қорының жері. Жыл басынан мемлекеттік орман қорында 35 өрт оқиғасы орын алып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 есеге көбейгенін көрсетеді. Келтірілген залал көлемі 9 млн теңгені құраған.

Өңір басшысы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде 3 жылға арналған жол картасын бір апта мерзімде бекітуді тапсырды.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше