Жаңақорған ауданындағы «Халықты жұмыспен қамту» орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі аудандағы жұмыссыз жастарға, пробация есебінде тұрған сотталғандарға «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге пробация қызметінің есебінде тұрған 7 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Сегіз жұмыс беруші мекемеден 185 бос жұмыс орны ұсынылды. Құрылыс мамандықтарына сұраныс көп болды. Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған екі азамат «Газремонтаж» ЖШС-не, бір азамат квотамен «Азнабай» шаруа қожалығына жолдама алды.