Әлем • 31 Мамыр, 2020

АҚШ 9 жылдан кейін өз жерінен ғарышқа адам аттандырды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атышулы Илон Масктың SpaceX компаниясы екі Nasa астронавтын ғарышқа сәтті аттандырды.

АҚШ 9 жылдан кейін өз жерінен ғарышқа адам аттандырды

Араға 9 жыл салып, АҚШ астронавттарды ғарышқа өз жерінен аттандырды. 2011 жылдан бері американдық ғарышкерлер Ресейдің «Союз» ғарыш кемелері арқылы ұшып жүрген еді.

SpaceX компаниясы бірнеше сәтті сынақтардан кейін өз тарихында тұңғыш рет ғарышқа адам аттандырды. Falcon 9 зымыраны арқылы ұшып шығып, Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына барып түйіспекші. 

Көптен күткен сапар осыған дейін бір рет кейінге қалдырылған еді. Астронавттар Даг Хөрли мен Боб Бенкен сақадай сай дайын болған. Ғарыш кемесінің де техникалық еш ақаулары болмаған. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу кейінге қалдырылған. 

Кеше дүниежүзі бұр тарихи оқиғаны онлайн тамашалады.