2020 жылғы 6 маусымға дейін «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы өз күшінде қалады.
Осыған байланысты бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісуді алу туралы өтініштерді жолдау «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңы күшіне енгеннен кейін мүмкін болады.
Мемлекет басшысы 26 мамырда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қол қойған еді. Заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сәйкесінше 2020 жылғы 6 маусымда күшіне енеді, - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше