Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жариялаған жазбасында осылай деді.

«Қадірлі отандастар!
Бүгін – елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Тұтас ұлттың жартысына жуығының ғұмырын қиған алапат аштық құрбандары мен әйгілі 37-нің, одан бергідегі қуғындауларда опат болған ұлттың бетке ұстар тұлғаларының ғазиз рухтарына бас иер тағзым күні. Ұлт тарихының зобалаңға толы күрделі кезеңін, ауыр зардабын зерделер, сана сүзгісінен өткізер тағлым мезеті.
⠀
Өткен ғасырдың 20-50 жылдарындағы кеңестік саяси қуғын-сүргіннің ұлтымызға келтірген қасіреті орасан. Қолда бар деректерге сүйенсек, 1930 жылдардағы аштықта ұлтымыздың жартысына жуығы қырылды. Бір миллиондай қандасымыз тарыдай шашырап, шет елдерге босып кетті.
Озық ойлы, алдыңғы қатарлы 100 мыңдай азаматымыз жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, 20 мыңдайы атылды. Зұлмат жылдары Кеңес одағының жер-жерінен Қазақ еліне түрлі ұлт өкілдері мәжбүрлеп жер аударылып, олардың да көпшілігі тағдыр тауқыметін бірге тартты. Қаншамасы осы жерде мәңгілік тыныс тапты.
Ұлт басына осыншама ғаламат қайғы-қасірет әкелген бұл нәубет ешқашан ұмытылмайды. Осыны ескеріп, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы өз Жарлығымен 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіледі», - деді Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ, ол еліміздің жер-жерінде қуғын-сүргін құрбандарына арнап көптеген ескерткіштер салынып, музейлер ашылғанын, архив деректері ашылып, көптеген зерттеулер жүргізілгенін тілге тиек етті. ⠀
«Әлі де ашылмаған ақтаңдақтарымыз қаншама. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі үндеуінде «тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды» тапсыруы осы олқылықтардың орнын толтыруға зор серпін бермек.
Қашанда ел бірлігі мен ынтымағын мақсат тұтқан «Nur Otan» партиясы да ұлтымыздың тарихындағы мұндай қасіретті кезеңдерді ұрпақ жадында сақтауға, өткеннен сабақ алуға үндейтін шараларға мұрындық болып келеді. Партия жанындағы «Мирас» кеңесі де бұл іске тиісінше атсалысатын болады.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен өтсе де ұлтымыздың қайсар рухы, алмастай жігері мұқалмады. Кешегі Алаш арыстарының асыл армандары орындалып, өз алдына дербес, әлем таныған қуатты ел болды. Енді жоғымызды түгендеп, барымызды бағалап, елдігімізді нығайту - бәрімізге ортақ парыз. Аталы сөзге, салиқалы басшыға жүгінсек, бізді сыртымыздан жау, ішімізден дау алмайды. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана».
Ұлтымыздың басында мұндай нәубет ешқашан қайталанбасын.Еліміздің іргесі берік, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын», - деп жазды Бауыржан Байбек.
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар