Қазақстан • 01 Маусым, 2020

Гендерлік саясат: Халықаралық жобалар базасы құрылады

529 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

29 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова халықаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен гендерлік жобаларды талқылау бойынша онлайн-кездесу өткізді.

Гендерлік саясат: Халықаралық жобалар базасы құрылады

Оған Еуропа одағы, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АДБ, ЕҚЫҰ, БҰҰ-Әйелдер, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және ЮНФПА өкілдері қатысты.

Онлайн-кездесу барысында Ләззат Рамазанова халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарына Ұлттық комиссия жанындағы жаңартылған Сараптамалық топтың құрамына кіруді ұсынды. «Біз Қазақстанда қатысып отырған және іс жүзінде гендерлік компонентті іске асыратын халықаралық ұйымдар мен даму институттарының күш-жігерін шоғырландыруға ниеттіміз. Қазіргі уақытта Ұлттық комиссия Сараптамалық топты жаңартуға кірісті. Осыған байланысты біз сіздерді оның жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз. Қиын экономикалық жағдайда бұл тиімді шараларды бірлесіп жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі», - деді Ләззат Рамазанова.

Сараптамалық топ негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейтін болады: отбасы саясаты, гендерлік саясат және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл ретте, жүйелі шаралар республикалық деңгейде, ал жобалық шаралар – өңірлер арасында үздік тәжірибені беруді қамтамасыз ете отырып, облыстық деңгейде іске асырылатын болады.

Өз тарапынан кездесуге қатысушылар гендерлік теңдік, әйелдер мен балалар мәселелерін шешуге бағытталған бастамашылық жобалар туралы айтты. Ләззат Рамазанова жақын арада халықаралық және донорлық ұйымдар қатысатын жобалардың бірыңғай базасы құрылатынын атап өтті.

Сондай-ақ Төрайым Ләззат Рамазанова БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінің ұсынымдарына негізделген Ұлттық комиссияның жоспарларына назар аударды.

«Егер сіз осы бағыттардағы күш-жігерімізді қолдап, жоспарларымызды осы жылдан бастап жұмыс бағдарламаларына енгізсеңіз, барлық халықаралық ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз. Біз әрқайсысымен өзара іс-қимыл және өзара тиімді барынша қолдау көрсету жолдарын талқылауға дайынбыз», - деп атап өтті Ләззат Рамазанова.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше