Парламент • 01 Маусым, 2020

Сенат Бюросында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өткен Бюро отырысында Палатаның 4 маусымға жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат Бюросында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді

Сенаторлар алдағы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімнің ратификациясын, заңнамалық актілерге соғыс жағдайы, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобаларын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша түзетулерді қарауды жоспарлап отыр.

Бюрода Мәжілістен келіп түскен заң жобалары салалық комитеттер арасында бөлініп берілді.

Қаржы және бюджет комитеті «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бұдан былайғы пысықтау жұмыстарымен шұғылданатын болды.

Бас комитеттерге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының басқа комитеттерінің ұсыныстарын жинақтап қорыту және осы құжаттар бойынша қорытындылар дайындау тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше