Аймақтар • 01 Маусым, 2020

ҚызПУ-да түркі тілдес елдері университеттерінің онлайн концерті өтеді

53 рет көрсетілді

«Білім. Ғылым. Бауырластық». Осындай атаумен 2 маусым күні түркі тілдес елдері жоғары оқу орындары өнерпаздарының концерті өтеді, деп хабарлады Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі.

Мақсат – түбі бір туысқан мемлекеттердің білім, ғылым және мәдени ынтымақтастығының дамуын арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету.

Онлайн форматта ұйымдастырылатын шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Түркияның Нигде Өмер Халисдемир университеті және Қырғыз Республикасының Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің өнер ұжымдары қатыспақ.

Сонымен қатар концерт барысында аталған жоғары оқу орнының өкілдері өзара әріптестік байланысты дамыту орайында атқарылып жатқан жұмыстар төңірегіндегі ақпараттарымен бөліспек.

Айта кетейік, онлайн концерт Қыздар университетінің YouTube желісіндегі ресми арнасында тікелей эфирде өтеді.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Салмағы 92 грамдық принтер

Технология • Бүгін, 13:30

Ұқсас жаңалықтар