03 Қазан, 2013

Ақпараттар ағыны

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания­сы­ның мұнай қоры 2022 жылы 1,4 млрд. тоннаға жетеді. Ал қазіргі дәлелденген қор 823 млн. тонна мұнай мен конденсатты құрайды.

Жаңа оқу жылында Назарбаев Университетінде 2 мыңнан астам студент оқиды. Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар құрамындағы адамдар саны 250-ге жетіп отыр.

Астанада күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Елорданың Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарында әскерге шақыру және медициналық комиссиялар өз жұмысын бастады.

Елорданың Сарыарқа ауданының әкімдігінде ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді. Басқосуда аудан әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің атынан 2 пәтер кілтін тапсырды.

Қызылордада «EXPO LAND-2013» жастар идеясы мен жобалары жәрмеңкесі болды. Инновациялық идея­лар мен жобалар жәрмеңкесі қаланың 195 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.

Заңсыз сақталған қаруды тапсырғандары үшін Шығыс Қазақстан тұрғындары 27 млн. теңге алады. Акция барысында облыс тұрғындары 292 оқпен атылатын қару, 2094 дана оқ-дәрі тапсырған.

Солтүстік Қазақстан полицейлері заңсыз емдеумен айналысқан діни бірлестікті анықтады. Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны «Алла аят» деп аталған ағымды ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаржы полициясы 3 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатының қолды болуын тоқтатты. Бұл туралы кеше Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ақпараттық-талдау департаментінің басшысы Олжас Бектенов айтты.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.