«2020 жылғы қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 13,9%-ға, фармацевтика саласында 24,2%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 15,6% - ға, машина жасау саласы 25,4%-ға, мұнай өңдеу саласында 1,5% - ға өсім байқалады. 2020 жылы әкімдіктердің деректері бойынша 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен, 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны іске қосу жоспарлануда», - деді министр.
Министрдің айтуынша, индустрияландыру картасы аясында 2020 жылы әкімдіктердің деректері бойынша 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен, 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны іске қосу жоспарлануда. Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 23 мыңнан астам автомобиль өндірілді.