03 Қазан, 2013

Тұрғындар тілегі ескерілуі тиіс

213 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулиннің же­тек­шілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар еліміздің Азия Даму банкінен қарыз алуы және психикалық бұзы­лушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәж­бүр­ле­п емдеу мәселелеріне қатысты заң жобаларын қарады.

Алдымен күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 3 Дәліз жолын реконструкциялау жобасы / «Шымкент – Ташкент» жол учаскесі/ / «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізіне кіреберіс/) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулиннің же­тек­шілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар еліміздің Азия Даму банкінен қарыз алуы және психикалық бұзы­лушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәж­бүр­ле­п емдеу мәселелеріне қатысты заң жобаларын қарады.

Алдымен күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 3 Дәліз жолын реконструкциялау жобасы / «Шымкент – Ташкент» жол учаскесі/ / «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізіне кіреберіс/) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Аты айтып тұрғандай, Келісім Азия Даму банкінің Қазақстанға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ав­томобиль дәлізі шеңберінде «Шымкент – Ташкент» жол учас­ке­сін дамыту үшін қарыз беруді көздейді.

125 миллион долларлық қарыз­ елімізге 4 жылдық жеңіл­дік кезеңін қоса алғанда 16 жыл­ға беріліп отыр. Пайыздық мөл­шерлеме LIBOR+0,6 пайызға тең. Ал Қазақстан Үкіметінің бір­лесіп қаржыландырылуы 22 миллион АҚШ долларынан ас­пайды. Ел бюджетінің қаржысы құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыруға және салықтарды төлеуге жұмсалады деп күтілуде. Жоба бойынша Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы Шымкент пен Ташкент арасындағы жолдың 36,7 шақырымын реконструкция­лау қолға алынады.

Сондай-ақ, құрылысты қадаға­лаудың және күзет шараларын іске асырудың сыртқы мониторингі жөнінде қыз­меттер көрсету үшін қолдау қарастырылған.

Жоба жұмыстары 2015 жылы аяқталады деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру еліміздің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етіп, халықаралық дәліздің қазақ­стандық бөлігінде қозғалыс қар­қы­нын айтарлықтай арттырады. Бұл өз кезегінде транзиттік жүк­тердің айналымын және бар­лық деңгейдегі бюджеттердің кіріс­те­рін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Депутат Розақұл Халмұрадов қарыздарды бөлу құқығы неге еліміздің құзыретіндегі шаруа емес, ол неге Азия Даму банкіне бекітіліп берілген деген сауал қойды. Заң жобасы бойынша баян­дама жасаған Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев депутат сұрағына орай халықаралық қаржы инсти­туттары тиісті мемлекеттік ор­гандарға хабарлай отырып, халық­аралық ережелерге сәйкес банктің сондай шешім қабылдай алатынын алға тартты.

Осы ретте депутаттар өз пайымдарын да ортаға сала кетті. Мысалы, Шалатай Мырзахметов жолдың екі жағына қоршаулардың қойылуы, мал айдап өту орындары­ның санын арттыру және қысқы тайғаққа қарсы технологиялық жетістіктерді ескеру қажеттігін атап көрсетті. Ал Рауан Шаекин тұрғындар тілегі сол жоба жүзеге асырылып жатқанда ескерілсе деген өтінішін жеткізді. Осылайша, талқыдан өткен заң жобасы мақұлданды.

Кешегі отырыста бұдан­ басқа «Психикалық бұзылушы­лық­тардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы да қолдау тапты. Конвенция 1997 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында жасалған. Оған қатысушы мемлекеттердің бірі есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекет жасаған азаматтарды уағдаласушы тараптың аумағында медициналық сипат­тағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бойынша азаматтарды емдеуден өткізе алуы қарастырылған. Және де медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде, сондай-ақ, науқастың келісімі, егер ол өз ойын еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда, оның заңды өкілінің келісімі алынған адамдарды мәжбүрлеп өткізу үшін емдеуге беру қарастырылады. Жалпы, конвенция адамдарды мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін жүгіну тәртібін және беру тәртібін белгілейді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».