Парламент • 02 Маусым, 2020

Сенаторлар лотерея қызметі мәселелерін қамтитын заң жобасын талқылады

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар лотерея қызметі мәселелерін қамтитын  заң жобасын талқылады

Отырыста Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев және Сенат депутаты Манап Көбенов баяндама жасады.

Заң жобасының негізгі мақсаты – лотереялар және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тетігін жетілдіру.

Заң жобасы лотерея таратушының (агентінің) қызметін реттейді және осы бағытта қолданылып жүрген құқықтық кемшіліктердің орнын толтырады. Бұл өзгерістер азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуын күшейте түседі, сондай-ақ лотерея қызметін реттейтін уәкілетті органның жедел іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Сенатор М. Көбеновтің айтуынша «Заң жобасында лотерея операторы болып саналмайтын адамдардың лотерея өткізгені үшін жаңа әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жарнама туралы заңнамаға сәйкес лотерея операторы мен таратушыларынан бөлек өзге тұлғалардың лотерея жарнамасын орналастыруына да тыйым салынып отыр».

Талқылау қорытындысы бойынша құжат Палата қарауына жолданды.