Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Балаларға қолдау көрсетілуде

432 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі әкім жастармен «Birgemiz: Asyl mura» орталығында кездесті.

Балаларға қолдау көрсетілуде

Мұнда бүгінде жастар ерікті болудың қыр-сырын үйренуде. Жастар бастамаларының орталы­ғында еріктілердің жұмысын үйлес­тіруге арналған алаң бар және фронт-офис жұмыс істей­ді. Мұнда өңірдегі жастар сая­сатының негізгі бағыттары бойынша кеңестер беру жұмыстары жүргізілуде. Орталықта 60 адамға арналған бөлме, кино залы, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану орны және жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Кездесу барысында Б.Сапарбаев карантин кезінде «Біз біргеміз» ұранымен мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуге атсалысқан еріктілерге алғы­сын білдірді.

Сонымен қатар Б.Сапар­баев инклю­зивті балалар ойын алаңшасын да көрді. Аталған ойын алаңшасының құрылысы «Дара» қайырымдылық қорының қолдауы­мен жүргізілген. Инк­лю­зивті ойын алаң­шасының барлық компоненттері әмбебап дизайн­мен үйлесім тапқан және отандық өндірушілердің кедер­гісіз орта талаптарын ескере отырып арнайы әзірленген. Жаңа алаңның ойын элементтері – карусель, құмсалғыш, төбешік, интер­активті панельдер және өзге де көп­теген элементтер барлық балалар үшін оңтайлы жобаланған. Инклюзивті алаң балалардың бірге уақыт өткізіп, олардың белсенді дамуына оң әсерін тигізеді. Ойын алаңы қаланың ашық аумағында орналасқан. Бұл қала тұрғындарының, әсіресе ерек­ше қажеттіліктері бар бала­лардың жалпыға қолжетімді орында бос уақыттарын өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аталған алаң балалардың даму ерек­шеліктері мен олардың қажет­тіліктерін ескере отырып, қала­лық инфрақұрылымды жақ­сарт­у­д­ың үлгісі ретінде салынған.

Сонымен қатар Б.Сапар­баев Тараз қаласы, «Қара­тау». (2) шағын ауданын­дағы балалар ойыны алаңы және спорттық кешенінде де болды. Аталған алаңдарды «Менің елім» бағдарламасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры орнатқан. Әмбебап алаңдарды орнатудағы мақсат – халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Ашылған алаңдар тұрғындарға, әсіресе жас ұрпақтың өз әлеуетін іске асыруға және жаңа биік­терді бағындыруға серпін береді. Сол сияқты облыс әкімі Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің мүмкіндігі шектеу­лі балаларға арналған №2 психо­логиялық-педагогикалық түзету орталығына да барды. Аталған нысан «Қазақстанда әр алуан, бірақ тең инклюзивті қоғам құру!» жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға және олардың отбасыларына тиім­ді көмек көрсету мақсатында «Дара» қайырымдылық қоры­ның демеушілігімен ағымдағы жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар психологиялық-педагоги­калық түзету кабинеті ашылып, мекеме қажетті құрал-жаб­дық­тармен қамтамасыз етілген. Кабинеттерде балалар үшін дефектолог, логопед мұғалімдері, педагог-психолог мамандары, сурдопедагог, әлеуметтік педа­гог, медбике-массажшы, әдіс­кер­лер және өзге де мамандар қызмет етеді. Алдағы уақытта Тараз қа­ласындағы «Жайлау» (3), «Салтанат» (4), «Талас» (6), «Самал» (7), «Алатау» (8) шағын аудан­дарында тұратын, қазіргі уақытта №1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне барып жүрген 150 балаға қыз­мет көрсетілетін болады.

 

Жамбыл облысы