Қоғам • 03 Маусым, 2020

Аялдамадағы Абай суреттері алынды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Газетіміздің 20 мамыр күнгі санында «Абайға аялдамадан ғана орын тиген бе?» деп жазған едік.

Аялдамадағы Абай суреттері алынды

Шағын мақалада облыс орталы­ғындағы Лермонтов атындағы орталық көше бойындағы жөнделмеген аял­дамалардың бірінде қоқыс сал­ғышқа қаратып Абай атамыздың суреті салынғаны, іші-сыртында ұлы ақынның суреттері, нақыл сөздері жазылғаны туралы жазғанымыз оқыр­ман­ның есінде болар.

Абайдың 175 жыл­­ды­ғына орай «рухани жар­намаға» тапсырыс бер­ген қалалық әкім­дік, ішкі саясат бөлімі қыз­мет­керлерінің орашолақ­ты­ғына таң­ға­ласың, Абай – білгенге маржан, білмеске арзан деген едік онда біз.

 Кеше Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің бас­шы­сы Нәйла Ахметова ха­бар­ласып, Абайдың су­рет­тері, нақыл сөздері аялда­м­адан алынып тастал­ғанын хабарлады.

Облыс әкімдігі біздің ма­қалаға назар аударып, қа­лалық әкімдік­ке аял­дамада тұрған «жарна­ма­ларың­да кімді мазақ еткен­сіңдер» демесе, әлі де солай тұра берер ме еді, кім білсін?!

 

Павлодар