Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Ақмолада аудан ауруханасы жөнделуде

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астрахан аудандық арухананың күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. «Еңбекпен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазынадан 1 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, емдеу мекемесі қайта жөндеуден өтіп жатыр.

Ақмолада аудан ауруханасы жөнделуде

Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, нысан жыл соғына дейін пайдалануға беріледі. Қауіпті дерт жер-жаһанды жайлаған тұста медицина саласына көңіл бөлу заңдылық. Бұл мемлекет қамқорлығы. Толықтай бір аудан, яғни 23 мың адамға қызмет көрсететін аудандық аурухана жұмысы қайта жаңғырмақ. Хирургия, терапия, бала туу бөлімі сияқты 6 бөлімшедеден тұратын аурухана 6 айдан соң есігін айқара ашады. Әзірге аудан жұртшылығы Жалтыр кентіндегі бөлімшеде ем-дом қабылдап жатыр. Мәселе де жоқ емес. Бірінші кезекте медицина мамандарының тапшылығы. Қазір онға жуық маман жетіспейді.     

68 емделушіге шақталған негізгі ғимарат, емхана, жұқпалы аурулар бөлімшесі толықтай күрделі жөндеуден өтеді. Есік-терезесі ауыстырылып, аурухана аумағы абаттандарылады. Электр және кәріз жүйесі жаңартылады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына 75 адам жұмылдырылған. Мердігер – «Көкше-Автоматика» компаниясы өкілдерінің айтуынша, жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындар тартылған.