Қызылорда қаласы Белкөл кентінің 48 жастағы тұрғыны үйінің ауласына 12 түп сора егіпті. Қызылорда қаласының 37 жастағы тұрғынының ауласынан да 4 түбі табылып отыр.
Күдіктілерге қатысты қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.