Парламент • 03 Маусым, 2020

Мәжілісте аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып жатыр

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып жатыр.

Мәжілісте аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып жатыр

Бұл заң жобасына Парламенттің қос палатасы бастамашы болды. Мұны Мәжіліс мінберінде депутат Омархан Өксікбаев кеңінен айтып берді.

– Заң жобасының негізгі мақсаты – нарықтық экономикадағы аудит қызметіне мемлекеттік саясатты сақтайтын корпоративтік басқару тәсілдерін жетілдіре отырып енгізу, аудит мамандарының сапасын арттырып, олардың кәсіби деңгейін көтеру, аудиторлық қызметтер сапасын арттыру, отандық аудит қызметінің бәсекелестігін дамыту, аудиторлық қызмет саласына қатысушылардың фунцияларын айқындау және олардың өзара іс-қимыл қағидаттарын белгілеу. Құжатта енгізіп отырған жаңалықтардың бірі – коммерциялық емес жаңа ұйым – аудиторлық кеңес жөніндегі кәсіби кеңес құру. Мұндай ұйымды құру халықаралық практикаға сәйкес келеді. Өйткені ол аудиторлық қызметке тәуелсіз қадағалау құрылымын құру арқылы мемлекеттік экономикалық саясатты күшейтуге ықпал етеді. Бұл қадағалаудың басты міндеті – мемлекеттік және жария мүдделерді іске асыру, сондай-ақ инвесторлардың мүддесін қорғауды күшейту, – деді Омархан Өксікбаев.

Сонымен қатар заң жобасында құқық қорғау тобының сұрауы бойынша мемелкеттік аудиторлардың орнына жеке аудиторларды тарту көзделіп жатыр.