Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Алматыда фитнес-орталықтар қызметін қайта бастады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №37 қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап, денешынықтыру-сауықтыру нысандарының: фитнес-клубтары, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары мен т.б. қызметі қайта басталады.

Алматыда фитнес-орталықтар қызметін қайта бастады

Жұмысқа қызметкерлерінің жалпы саны шамамен 2800 адам болатын 280-нен астам нысан қайта оралады.

Мекемелердің қызметіне барлық эпидемиологияға қарсы шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі. Жұмысты бастар алдында, олар Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды, олардың қатарына: жайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, жаттығуларда әлеуметтік қашықтықты сақтау, персоналдар мен келушілердің термометриясы және т.б. кіретін барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс.

Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын спорт мекемесінің басшылары өздері белгілейтін болады. Жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.

Әзірлік аяқталғаннан кейін, нысандар хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік беріп, оны растай отырып, infokazakhstan.kz сайтына тіркелулері тиіс.

Әрі қарай, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар.