Қазақстан • 04 Маусым, 2020

Азаттықтың айшықты нышандары

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің тұтастығын, тәуелсіздігін айқындап тұрған мемлекеттік рәміздеріміз қашанда қадірлі. Сондықтан болар, Елтаңба десе, ет жүрегіміз елжіреп, көк Байрақ желбірей көтерілсе, рухымыз атойлап, Әнұран айтылса, алпыс екі тамырымыз иіп шыға келеді.

Азаттықтың айшықты нышандары

Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақала­сында: «Әжептәуір жаңғырған қоғам­ның өзінің тамыры тарихы­ның тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұр­патты жаңғырудың ең бас­ты шарты – сол ұлттық кодың­ды сақтай білу. Онсыз жаң­ғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», дейді. Сондықтан ата тарихтың түпсіз тұнығынан тамыр тартатын біздің ұлттық кодымыз ең ал­ды­мен осы мемлекеттік рәміз­дерімізде сәтімен мазмұндалған, қисынды бедерленген.

Тәуелсіз еліміздің айшықты да мағы­налы рәміздері – Мәң­гі­лік елдің мәңгілік нышандары! Тәу етер тәуелсіздігіміздің түу биіктегі тұғыры осы рәміз­дері­мізбен салтанатты. Егемен елдің болмысы­мен үйлесіп, тағ­дырымен үндесіп, қайсар рухымен тілдесіп тұр! Әрбір отан­­­дасымыздың жүрегіне сәуле болып құйылып, кеуде­сіне мақта­ныш сезі­мін ұялатар күшке ие мемлекеттік нышан­дары­­мыз­ға деген құрмет – шын мәнінде елге, жерге деген құрмет...

Алтындалған жіппен әдіп­тел­ген ұлттың ою-өрнегі, жады­раған алтын күн мен оған қанаты шағылысып қалықтап бара жатқан алтын қыран бейнеленген көк байрағымызға зер салыңыз. Ежелгі түркі жұр­тының алтын бесігі – Ұлы дала­мызды аялап келе жатқан хал­қы­мыз үшін аспан тектес көк түс­тің де, шуақ-нұры тұрған күнің де, сол күнге көзін тіктеп қадай ала­тын қыранның да алар орны айрықша.

Әр элементі сақ дәуірінен бергі Ұлы дала қойнауынан табылған жәдігерлерде негіз­дел­ген, әр миллиметрі терең маз­мұн мен мағына арқалаған Елтаң­бамыз ерекше рухқа ие демей көріңіз... Орнымыздан тік тұрғы­зып, алақанымызды жүрек тұсына қойғызған, жанарға жас үйіріп, кеудемізге намыс ұялатқан Әнұранымызды жігер жанушы қайрағым деп қалай айтпайсыз?!

Осы үш қасиет – Қазақ елін Отаным деп білетін әрбір аза­маттың ең қымбат қазынасы, құн­дылығы. Сол үшін де осынау мән-маңызы жоғары рәміз­дері­мізді бағалай білуіміз керек.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше