Жергілікті өнеркәсіптің өніміне сусап отырған жалпақ жұртты алғашқы қадамымен-ақ елең еткізген «SAMHAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы 2008 жылдан бастау алады.

Соныға соқпақ салу қайдан оңай болсын, бір кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы шағын ғимаратты жалдап алған олар дайын өнімді сатумен де айналысып көрді. Әрине бұл кәсіптің жеңіл түрі. Өтімдісін таңдап алып, бір жерден әкеліп, екінші жерге сатасың. Бар жұмыс осымен ғана шектеледі. Табыс болғанымен, тағылымы қанағаттандыра қоймады. Өз өнімдерін шығарған әлдеқайда артық емес пе? Қазақ баласы бұрын да жалаң аяқ жүрген жоқ қой. Ел ішіндегі қолы епті шеберлер аяқкиімнің неше атасын тіккен. Тек атадан мұра болып келе жатқан сол өнер кеңес заманында ұмытылды. Бұрынғы барды қайта жаңғыртса несі айып? Осындай ойға келген соң, серіктестік басшысы 2010 жылы жеке цех ашуға шешім қабылдады.
Сөйтіп «SAMHAT» серіктестігі Ақмол ауылына көшіп, жергілікті бизнестің өрісін кеңейтуге бел байлады. Өзгеше тың идеямен кәсібін өрге жүздірмек болған кәсіпкерді облыс және аудан басшылығы қолдай кетті. 2013 жылы 1,2 гектар жер телімі мен 1200 шаршы метр гараж ғимараты бөлінді. Жөндеу және жабдықтау жұмыстарынан кейін кәсіпорын толық қуатпен жұмыс істей бастады. Мәселен, 2015 жылдың он бір айында ғана 800 млн теңгенің 100 мың жұп аяқ киімі талғампаз тұтынушыға ұсынылды. Сол-ақ екен, аты дүркіреп шыға бастады. Кәсіпорын негізінен қорғаныс саласының мемлекеттік тапсырысын орындады. Біртіндеп жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік туып отыр.
Аяқкиімнің сапасы ең алдымен шикізатқа байланысты. Бұл арада бүгінгі тұтынушының талғамын әбден ескерген дұрыс. Қазір бұл саладағы озық үлгіге көз қанықтырып, сапасын салыстырып бағалай білетін адамдардың талғамынан шығу да оңай-оспақ шаруа емес. Ол үшін қапысыз шеберлік қажет-ақ. Шеберлер өндірісте табиғи теріні пайдаланады. Бұл экологиялық жағынан таза өнім. Дәл осы арада елімізде шикізаттың бұл түрінің кәдеге аспай жатқанын, екпін түсіріп айта кеткен ләзім. Жеңіл өнеркәсіптің жолы болмай жатқандықтан, еліміздегі мал шаруашылығының аса бағалы өнімі – тері текке шіріп жатыр. «SAMHAT»-тың тәжірибесімен-ақ жер-жерде осындай жұмыс ұйымдастырылса, өзімізді өзіміз әдемі де сапалы аяқкиіммен қамтамасыз етер едік. Шеттен келген бұйымның барлығы бірдей сапалы деп айтуға ауыз бармайды. Кейбіреуі әртүрлі тері ауруларына себеп болып жатқаны да жасырын емес. Осы тұрғыдан келгенде «SAMHAT» аяқкиім фабрикасының қадамы құптарлық-ақ.
Қазір фабрика өнімін жалпақ жұрт жақсы танып қалған. «SAMHAT» шығарған аяқкиімдердің сапалы екені ешқандай жарнамасыз-ақ көрініп тұр. Фабрика басшылығы да ең алдымен жоғары сапалы өнім өндіруге, жаңа технологияларды өндіріске батыл енгізуге әрі кезең-кезеңімен жаңғыртып отыруға көп көңіл бөледі. Ол үшін, әрине, жаңа жоғары технологияны қолданарлық толайым құрылғылар қажет.
Бұл арадағы басты мақсат – алдымен адам денсаулығына көңіл бөлу. Қолданылған шикізаттың сапасы гигиеналық талапқа толық жауап бергені жөн. Оның үстіне аяққа жайлы болуы қажет, көңіл бөлу ұзақ киіске шыдағаны дұрыс. Осыны ескере отырып, шикізаттың барлық түрі қатаң бақылауға алынып, сертификаты барлары ғана кәдеге жаратылады.
– Аяқкиім тігу – күрделі жұмыс, – дейді серіктестіктің бас директоры Самал Тілеубаева, – тұтынушылардың кәдесіне жарату бар да, бәсекелестікке төтеп беру бар ғой. Сондықтан біз өз өнімдеріміздің мінсіз болуын қалаймыз.
Фабрика толық қуатында жұмыс істеген кезінде 150 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігіне ие болады. Әзірге кейбір мамандардың жоқтығы қолбайлау болып отыр. Мәселен, технолог, механик, тігінші тәрізді бірнеше мамандық бойынша маман қажет. Жұмыс істеп жүрген адамдардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру өз алдына бір мәселе. Фабрика бүгінгі таңда ерлер және әйелдер аяқкиімін, әскери-күштік құрылымдарға, жұмысшыларға арналған аяқ- киім шығарады.
Ынта болса, оңынан оралмайтын шаруа жоқ. Отандық өнімнің асығын алшысынан түсіретін осындай қадау-қадау қажырлы қарекет қой, шіркін!
Ақмола облысы
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар