Пікір • 04 Маусым, 2020

Тағылымы мол мереке

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңселі еліміздің ерекше белгісі, ол – мемлекеттік рәміздеріміз. Оларды ресми тұрғыда қабылдау ісіне халқымыз айрықша көңіл бөлген. Бұл өз кезегінде еліміз үшін рәміздердің қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек.

Тағылымы мол мереке

1992 жылы ресми түрде, яғни тарихи заңдар арқылы қа­былданған, барша қазақ­стан­дықтың мақта­ны­шы­на айналған мемлекеттік рә­міз­де­ріміздің бүгінде жанымызға жылылық ұялата білер тарихы қалыптасты. Рәміздеріміздің тарихына, мазмұнына зер сал­саңыз тәуелсіз еліміздің бей­біт­ші­лікке, достыққа негізделген ұста­нымын, саясатын анық а­ң­ға­­расыз.

Өзім Амангелді ауданына қарасты Амантоғай ауылының тумасымын. Қазақы ауылда өсіп, қазақ мектебінде білім алған­дықтан, жастайымнан Әнұранымызды жаттап, Елтаң­ба­мыздың әр өрнегін зерделеп, болашақ арман-қиялын мем­лекеттік Туымызбен ас­тас­­тыр­ған жастардың бірі­мін. Биыл Қостанай гума­ни­­тарлық колледжін мектеп­ке дейінгі тәрбие және оқы­ту мамандығы бойынша тәмам­дап жатырмын. 2018 жылы Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «Мем­ле­кеттік рәміздер – мақ­та­­ны­шым» атты облыстық бай­қау­дың жеңімпазымын.

Халқымыз өз ұрпағына Ота­нын, жерін, тілін, мем­ле­кет­тік рәміздерін жү­рек­пен сүюге, патриот болуға тәрбиелеген және баулыған. Біздің мемле­кет­тік рәміздеріміздің мазмұны өте терең, зор тәрбиелік мән-мағынасы бар. Олардың елі­міз­дің өткені мен болашағын, мақсат-мүддесін, берік ұста­ны­мын айқындайтынын ескере сөйлесек, әрбір отандасымыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құр­мет­теп, қадірлеп, мақтаныш етуі керек.

Біз балабақшаларға жиі барып, тәжірибеден өтіп тұ­ра­­мыз. Өсіп келе жатқан бал­дыр­ғандарға мемлекеттік рәміз­де­ріміз туралы әңгімелеп, олар­ды қастерлеуге үйретіп, отан­сүй­гіш­тік­ке тәрбиелейміз. 

Осы орайда, Мемлекеттік рә­міз­дер күні мән-маңызы жо­ға­ры, бабалар аманатын арқалаған бүгінгі ұрпаққа зор жауапкершілік артатын аса мәртебелі мейрам екенін атап өткім келеді. Өмірден ерте кет­кен талантты айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың «Ас­паннан алты құлаш жыртып алып, қолына көк байрақ қып ұстаған жұрт», деген сөзі есімде жатталып қалыпты. Бұл тегін айтылған сөз емес. Көк – тазалық пен асқақтықтың белгісі. Көңіліміз таза, арманымыз асқақ болсын деген ниетпен, барша қазақстандықты 4 маусым – Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттық­тай­мын! Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз тыныш, хал­қы­мыз аман, мәртебеміз биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, еліміз бір­лік пен ынтымақты ту етіп, биік­тер­ді бағындыра берсін!

 

Оксана ТЕРЕНТЬЕВА,

Қостанай Гуманитарлық колледжінің студенті

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар