Әлем • 04 Маусым, 2020

Қытайға түйенің құрғақ сүтін жөнелтті

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылы қазақстандық «EURASIA INVEST LTD» зауыты Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енгізілді. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік болып табылады, өйткені ҚХР нарығы біздің қазақстандық өндірушілер үшін күрделі, бірақ өте перспективалы және ауқымды болып саналады.
 

Қытайға түйенің құрғақ сүтін жөнелтті
«EURASIA INVEST LTD» қытай нарығында жеке және мемлекеттік мекемелермен ұзақ бизнес-келіссөздерден, Қытай стандарттарын талдаудан кейін рұқсат алды. Бұл алғашқы жеңіс.
 
Компания ҚХР-ға «Saubota» түйенің құрғақ сүтінің бірінші партиясын жөнелтті. Отандық өнім шығаратын бірінші провинция – Ланжоу, келесі «экспорт станциясы» - Пекин. Компанияның жоспарында ҚХР-ның тағы 4 провинциясы бар.
 
Министрлік қажетті құжаттарды берген кезде компанияны қолдайды, бұл экспорттаушының шығындарының бір бөлігін азайтады.
Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше