Парламент • 04 Маусым, 2020

М.Әшімбаев: Заң сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға септігін тигізеді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.

М.Әшімбаев: Заң сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға септігін тигізеді

Парламент Мәжілісі мақұлдаған бұл заң жобасын Сенат депутаттары бүгін екі оқылымда қарап, кеңінен талқылады.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Азаматтық процестік кодексіне енгізіліп отырған түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін атап өтті.

– Өзгерістер мен толықтырулар сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға және артық сот рәсімдерін қысқартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ заманауи электронды сервистерді енгізуге, азаматтардың еліміздегі сот жүйесіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан кодекске енгізілген түзетулер сот төрелігінің жеделдігін және тиімділігін қамтамасыз етіп, сот жүйесінің одан әрі дамуына оң әсер етеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.