Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Биыл ауылға табиғи газ жетеді

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды. Осыған орай елді мекенге барған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл тұрғындары және «Сапақ» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен  кездесті.

Биыл ауылға табиғи газ жетеді

Аудан басшысы елді мекенге көгілдір отынның келу тұрғындары үшін өте маңызды екенін жеткізді.

– Бұл үлкен мереке. Өйткені, осы қуанышты сәтті талай жылдар асыға  күттіңіздер. Міне, сол армандарыңыз орындалып отыр. Енді аз ғана уақыттан кейін құрылыс жұмыстары  аяқталып, көгілдір отынды пайдаланатын күн алыс емес. Жобаның жүзеге асуына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының ықпалы зор. Ауылдарыңызда аталған бағдарлама арқылы тағы да 7 көшеге асфальт төселіп, балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, ауылды аяқ сумен қамтамасыз ететін «Ақарық» каналының арнасы тазаланады, – деді Мұрат Ергешбаев.

Ауылдағы ауқымды істің басталуына ұйытқы болған жергілікті билік өкілдеріне ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бурабай Рахметов алғыс айтып, ризашылық білдірді.

Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млрдтан астам қаржыға 42 жоба жүзеге асуда. Оның ішінде Ғ.Мұратбаев ауылындағы 4 жобаға 500 миллионнан астам теңге бөлінген.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше