Аймақтар • 04 Маусым, 2020

«Желбіре, менің жалауым!»: Шымкентте акция өтуде

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте «Желбіре, менің жалауым!» атты акция өтті. Патриоттық іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының Рухани жаңғыру бөлімі ұйымдастырды.

«Желбіре, менің жалауым!»: Шымкентте акция өтуде
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара «Тәуелсіздік» саябағында бастау алды. Жастар акцияда ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ тұрғындарға Ту, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнама жүргізіліп, жалаушалар таратылды. 
 
- Ұлттық нышандағы мерекенің мерейі үстем. Көк Туды теңдігімізге, елтаңбамызды, Әнұранымызды биік тұғырымызға балаймыз. Бірақ елімізде төтенше жағдай алынғанымен, карантиндік шектеулер алынған жоқ. Соған байланысты акцияны сақтық шаралары сақтай отырып, өткізіп отырмыз. Ұлттық рухты оятатын мерекелік эстафета өткен, алдыңғы жылдары қолға алынған болатын. Биылғы челленджге де кез келген отансүйгіш азамат қатыса алады, - деді Рухани жаңғыру бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева. 
 
Ұлтымыздың ұлылығын, тарихымыздың қасиетін танытатын акция «Абай» саябағы, «Арбат» демалыс аймағы «Дендросаябақ», Еңбекші ауданындағы «Теріскей» сауда орталығында жалғасады.