Аймақтар • 04 Маусым, 2020

«Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы салынған үйлердің алды 24 маусымда пайдалануға беріледі

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің үшінші мегаполисіндегі «Shymkent» ӘКК» АҚ-мен жалпы ауданы 146 мың шаршы метрден астам 44 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы аясында 24 үй, ондағы пәтер саны 1016, ал бюджет қаржысымен жалпы пәтер саны 1213 болатын 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде,- деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

«Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы салынған үйлердің алды 24 маусымда пайдалануға беріледі
Бұдан бөлек көпқабатты тұрғын үйлерге жапсарласып, әлеуметтік, тұрмыстық, сауда-саттық және ойын-сауық орталықтары да салынады.
 
Тұрғын үйлер «Тұран», «Асар-2», «Шымкент сити», «Шығыс» ша¬ғын аудандары мен әкімшілік-іскерлік орталығында және Водопьянова көшесінде салынуда. Бұл тұрғын үйлердің 24-і маусым айының соңында пайдалануға берілсе, 17-і жылдың соңына қарай тапсырылады. Қалған үш тұрғын үй келер жылға өтпелі.
 
Бұл пәтерлердің 1 шаршы метрі 225 000 – 250 000 теңге ара¬лығында сатылмақ. Таңдаған пәтер құнының 20 пайызы болса, қалған қаржыны банк арқылы «7-20-25» бағдарламасымен 7 пайызға, 25 жылға дейін рәсім¬деуге болады.